Русский Сайттың толық нұсқасы

"Немересін көргенде ғой": Алтынай Жорабаева марқұм қайын атасын еске алды

  • AstanaTV
  • 23 қараша 2023
  • 5926

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Алтынай Жорабаева марқұм қайын атасын есіне алып, желіде оған жазба арнады. Бүгінде ай-күні жақындап қалған өнер иесі атасының немересін көріп үлгермегеніне өкінішін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Алтынай Жорабаева күйеуінің әкесіне арнаған жазбасын Instagram парақшасында жариялады. Эстрада жұлдызы қайын атасының батасын алғанына бақытты екенін жеткізді.

"Бүгін асқар тау әкеміз тірі болғанда 72 жасқа толар еді. Аллаға шүкір, батасын алғаныма бақыттымын. Әрине, немересін көргенде ғой деп те ойлайды екенсің. Бір кем дүние. Алла жаныңызды жәннаттан етсін, әке", - деп жазды әнші.

Айта кетейік, Алтынай Жорабаева бірінші күйеуі Сәбит Әбдіхалықовпен ажырасқаннан кейін Әлішер Есенғазин есімді азаматпен танысып, 2020 жылы екінші мәрте тұрмысқа шықты. Әншінің бірінші некеден төрт қызы бар. Қазіргі уақытта ол бесінші сәбиін күтіп жүр.