Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағанды «Кітап-AMANAT» жобасына қосылды

  • AstanaTV
  • 23 қараша 2023
  • 1291

«Кітап-АМАNАТ» ауқымды жобасына Қарағанды да қосылды. Кітап орталығы «АМАNАТ» партиясының облыстық филиалында ашылды. Сөрелерге классиктер мен заманауи авторлардың туындылары қойылған. Әсіресе ғылыми оқулықтар мен көркем әдебиеттердің түрі көп. Балаларға арналған кітаптар да баршылық. Жобаны Қазақстан баспагерлер ассоциациясы мен полиграфистер қауымдастығы қолдағанын атап өту керек. Аманаттықтар аталмыш орталықта отандық авторлардың туындылары қолжетімді бола түседі деген үмітте. Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының мәліметінше, еліміздегі әрбір екінші адам мүлдем кітап оқымайды. Ал кітапты қағаз нұсқасында әрбір 20-сы адам оқиды. Партиялықтар жаңа орталық осы олқылықты түзейді деген сенімде.

Бекзат АЛТЫНБЕКОВ, «АМАNАТ» ПАРТИЯСЫ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Құрылтайда Қазақстан республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы мынау кітап оқу жобасын қайтадан қолға алу керек, халық кітапқа жақындау керек, кітап арқылы әлемдегі көптеген сұрақтарға жауап алу керек деп өзінің ойын айтқан болатын. Жалпы осыдан кейін кітап оқу және осы "Кітап-АМАNАТ" жобасы «AMANAT» партиясында қолға алынды.
Ерсін ТОСМАҒАНБЕТ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Жалпы, тарих, психология және ағылшын тіліндегі шетел кітаптары бойынша өте қызықты топтамалар алынған. Ағылшын тілін «нөлден» бастап үйренетін, сондай-ақ, балаларға арналған кітаптар мен әңгімелер бар. Менің ойымша, бұл өте қызықты кітапхана және бәріне ұнауға тиіс.