Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан 2023-2027 жылдарға Дүниежүзілік мұралар комитетінің мүшесі болып сайланды

Еліміз 2023-2027 жылдарға Дүниежүзілік мұралар комитетінің мүшесі болып сайланды. Парижден жеткен ақжолтай хабарды Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин әлеуметтік желіде бөлісті. Қазақстанның кандидатурасын 118 мемлекет қолдаған. Дүниежүзілік мұралар комитеті ─ ЮНЕСКО-ның аса маңызды әрі беделді басқарушы органы. Құрамына 21 мемлекет кіреді.

Ерлан ҚАРИН, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК КЕҢЕСШІСІ:

Еліміздің Дүниежүзілік мұралар комитетіне мүше болып сайлануы бірегей мәдени және табиғи мұраларамызды сақтауға қатысты белсенді жұмысымызды халықаралық қауымдастықтың мойындайтынын көрсетеді. Сондай-ақ бұған дейін ЮНЕСКО-ның Алматыдағы кеңсесіне Орталық Азия мемлекеттерінен бөлек Ауғанстан, Пәкістан және Иран мемлекеттерін қамтитын Көпсекторлы аймақтық кеңсе мәртебесін беру туралы шешім қабылданған.