Русский Сайттың толық нұсқасы

"Қостанай облысында өнеркәсіп көлемі 2 трлн теңгеден асты" - Құмар Ақсақалов

  • AstanaTV
  • 24 қараша 2023
  • 652

Қостанай облысында жыл басынан бері 75 мыңға жуық автокөлік шығарылды. Оның 9 мыңнан астамы шетелдерге экспортталған. Республикада өндірілген автокөліктердің 61 пайызы облыс еншісінде. Алдағы уақытта аймақта жылдық қуаты 30 мың дана көлік құрастыруға қаблетті жоба жүзеге асады. Құны 23 млрд теңгені құрайтын жаңа жоба 400 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Қостанай - астыққа бай өлке. Алайда биыл ауыл шаруашылығы үшін ең қолайсыз жыл болды. Диқандардың астықты молынан жинау жоспарына ауа райының күрт өзгеруі кедергі келтірді.

Құмар АҚСАҚАЛОВ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Осыған қарамастан мемлекеттік қолдау шаралары арқасында келесі жылға егіс жұмыстарына қажетті қор жиналды. Көктемгі дала және егін жинау жұмыстарына қомақты бюджет қаражаты бөлінді. Салаға 11 процент өсіммен 84 млрд теңге инвестиция тартылды.

Өзге салаларда да қарқынды даму бар. 2024 жылы Арқалық қаласында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасына сай мектеп пайдалануға беріледі. 2025 жылға дейін аймақта 9 жаңа мектеп ашылады. Жыл басынан бері облысқа өзге өңірлерден 84 медициналық маман қоныс аударған. Оның ішінде 80 дәрігерге облыс бюджетінен 345 млн теңге көтерме ақы төленген. Сонымен қатар 59 дәрігерге баспана берілді. Ал 46 дәрігерге жалдамалы баспана ұсынылды. Сондай-ақ өңірдің өңдеу өнеркәсібі де біршама алға жылжыған. Облыс әкімінің айтуынша, аймақта өнеркәсіп көлемі 2 трлн теңгеден асты.

Құмар АҚСАҚАЛОВ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Айтарлықтай өсім өңдеу өнеркәсібіне тиесілі. 16,1 процент. Оның ішінде машина жасау өндірісі 33,9 процент. Тамақ өнімдері 10-да жарым процент. Және сусын өндірісін 5,5 процентке ұлғайту есебіне қамтамасыз етілді.

Қазір аймақта жылына 40 тонна саумал ұнтағын шығаратын ферма жұмыс істеп тұр. Кәсіпорын толық іске қосылғанда мың адамды жұмыспен қамтиды. Осы ферманың арқасында өңірде бұрын-соңды болмаған өнім пайда болған. Мамандардың айтуынша, саумал ұнтағының ең басты қасиеті – қанша уақыт сақтаса да емдік қасиетін жоғалтпайды.