Таразда қалалық құрылыс бөлімінің басшысы 3 жылға сотталды. Шенеунік қол астындағы қызметкерін өсіремін деп алдаған. Маманнан оның ақысына «Айфон 13» маркілі телефон мен радио құрылғысын алыпты. Оны аздық етіп, жылқының етінен соғым сұратқан. Бұған қызметкері бас аяғы 800 мыңға жуық қаржы жұмсапты. Бұрынғы басшыны сот өзгенің мүлкін алаяқтық бабымен иеленгені үшін үш жылға бас бостандығынан айырды. Бөлім басшысына алғашында «пара алу» фактісімен іс қозғалып, кейін оны прокурорлар алаяқтық бабына өзгерткен. Тергеу 6 айға созылды. Экс-басшы Сот шешімімен келіспей қазір апелляциялық шағым түсірген.
ТАРАЗ ҚАЛАЛЫҚ №2 СОТТЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:
Сотқа дейінгі тергеу барысында келтірілген залалдың толық өтелуін, өкінуін және жас балаларының болуын ескере отырып, 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.