Әлеуметтік желіде "Қазақстандағы медреселерде 12 жастағы қыздарды жыныстық қарым-қатынасқа итермелеуде" деген мазмұнда пікір таралуда. ҚМДБ бұл ақпаратқа қатысты жауапты Instagram-дағы ресми парақшасында жариялады Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) бұл жалған ақпарат екенін мәлімдеді, деп жазды kaz.nur.kz
"ҚМДБ-ға қарасты медресе-колледждер тек 15 жасқа толған қыздарды ғана оқуға қабылдайтынын мәлімдейміз Мұндай жалған ақпаратқа сенбеуге шақырамыз және халықты білместікпен теріс ақпарат таратпауға үндейміз", - делінген хабарламада.