Русский Сайттың толық нұсқасы

"Ешкімді жолатпайды": Ерке Есмахан күйеуі мен ұлының суретін жариялады

  • AstanaTV
  • 26 қараша 2023
  • 2204

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Ерке Есмахан күйеуі Raim-ның қандай әке екенін айтты. Өнер иесінің сөзінше, жұлдызды әке баласын өзі бағып, оған ешкімді жолатпайды екен, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бірер күн бұрын ғана екінші перзентін босанған Ерке Есмахан бүгінде күйеуі әкелік қызметін қалай атқарып жатқанын айтты. Эстрада жұлдызы Instagram парақшасында жолдасы мен ұлының суретін жариялап, елді сүйсіндірді.

"Бөпені еркелетіп, бағып, қасына ешкімді жолатпай, көтеріп қолға үйретіп дүрген кім екенін байқаған шығарсыздар. Қызықтар алда бұйыртса, өзі көре жатар", - деп жазды әнші. 

Айта кетейік, 23 қарашада Ерке Есмахан мен Raim-ның тұңғышы дүниеге келген болатын.