Русский Сайттың толық нұсқасы

Ридли Скоттың «Напалеон» фильмі эфирге шықпай жатып сынға ұшырады

  • AstanaTV
  • 26 қараша 2023
  • 2089

Әйгілі британиялық режиссер Ридли Скоттың «Наполеон» фильмі экранға шықпай жатып сынға ұшырады, деп хабарлайды Kazinform BBC-ге сілтеме жасап.

Кинорежиссердің жұмысына қарсылық тарихи деректердің қате берілгеніне байланысты туындады.

Сондай-ақ Скотт сұхбаттарының бірінде Напалеонды Александр Македонский, Сталин және Гитлермен салыстырған.

Көптеген франциялық азамат Ридли Скотты француз императорын экраннан көрсеткені үшін емес, олардың ұлттық қаһарманын бейнелеуге бел байлағаны үшін айыптады.

- Скоттың өзі Напалеонды толық танымайды, - деп жазды фильм туралы сыни мақаланың авторы Адам Санчес.

Ол сонымен қатар Скотты фильмдегі Тулонды жаулау кезінде (1973 ж) француз әскерінің «Vive La France!» (Франция жасасын!) деп америкалық акцентпен айқайлағаны үшін және Тахар Рахимді (Поль де Баррастың рөлін сомдаған француз-алжир актері) Шекспир тілінде сөйлеткені үшін сөкті.

Француз тарихшысы, «Бонапарт» монументалды тарихи шығармасының авторы Патрис Ганиффи де «ағылшынша сөйлейтін император» мен оның бірінші әйелі Жозефинаны сынға алды. Le Point журналына берген сұхбатында ол бұл фильмнің «антифранциялық әрі Британия тарихынан көшірілгенін» айтты.