Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркияның Измир қаласын су басты

  • AstanaTV
  • 27 қараша 2023
  • 876

Түркияның Измир қаласын су басты. Бұл туралы Қазақстан Телеарнасы хабарлайды. 

Елдің батысындағы Эгей теңізі жағалауында орналасқан қалада екі күннен бері жаңбыр толастамай, қатты дауыл соқты. Соның кесірінен теңіз суының деңгейі бір метрге дейін көтеріліп, жағалауға жақын үйлер мен көшелер су астында қалды. Екі миллионнан аса тұрғыны бар шахарда ондаған үй мен жұмыс орындарына су кіріп, адамдар қайықпен құтқарылды. Су тасқынының кесірінен қаланың кей аудандарында электр жарығы өшірілген. Метеролог мамандар бүгін ауа райы жақсаратынын яғни, жел басылып, жаңбыр тоқтайтынын айтты.

"Кешеден бері 1200 құтқарушы мен 250 техника күн-түн демей жұмыс істеп жатыр. Ауа райының қолайсыздығы туралы мамандардың алдын ала хабарлауының арқасында апаттан ешкім жарақат алмады. Адамдарды дер кезінде қауіпсіз жерге көшірдік. Қазір қауіптің беті қайтты",-дейді Измир қаласының әкімі Сойер.