Русский Сайттың толық нұсқасы

Хабар-ошарсыз кеткен 10 жауынгердің жерленген жері анықталды

  • AstanaTV
  • 27 қараша 2023
  • 951

Биыл павлодарлық «Майдан жолы» іздеушілер жасағының мүшелері Ленинград облысына экспедициямен барып, соғыс жылдары қаза тапқан 10 жауынгердің жатқан жерін тапты. Барлығы да хабар-ошарсыз кеткендердің тізімінде болған. Бұл туралы хабар 24 хабарлайды. 

Кезінде қазақ жерінде құрылған 314-ші және 310-атқыштар дивизиялары Ленинград қаласын қорғауға қатысқан. Халықаралық экспедиция кезінде әскери дәрігерлер мен медбикелердің құрметіне граниттен ескерткіш орнатып қайтыпты.

Жалпы, павлодарлық жасақ 14 жыл ішінде аты-жөні белгісіз 300-ге жуық солдаттың жатқан жерін тауып, 24 ескерткіш орнатқан. Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасады.

Болат Мұқышев, "Майдан жолы" іздестіру жасағының мүшесі: - Ең алғашқы қиыншылық, ол архив материалдарымен жұмыс істеу, орындарды табу. Сосын осы экспедицияны ұймыдастыру. Сондай қиын жұмыс. Сосын орнына барған соң іздестіру жұмыстары басталады. Бізде тек қана бір мақсат бар, ол – туысқандарға сүйек қалдықтарын әкеп беру. Осындай сезіммен барып отырамыз экспедицияға.