Русский Сайттың толық нұсқасы

"Маңғыстау экономикасының өсуінің негізгі драйвері ретінде инвестицияның маңызы зор" - Н. Ноғаев

Маңғыстау облысында «Бейнеу-Жаңаөзен» магистральдық газ құбырының екінші желісі іске қосылды. Ол өңірдің 2021-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары негізінде жүзеге асырылды. Бұл туралы облыс әкімі Нұрлан Ноғаев айтты. Сондай-ақ, тұрақты газбен жабдықтау мақсатында республикалық бюджеттен «Жаңаөзен-Ақтау» магистральдық газ құбырының 4 желісін салу жобасын іске асыруға 5 млрд.теңге бөлінген.

Өңірде тұрақты газбен қамту жұмыстары жүріп жатыр. "Жаңаөзен-Ақтау» құбырынан басталатын автоматтандырылған газ тарату станциясы бар магистральдық газ құбырының құрылысы қарқынды.

Нұрлан НОҒАЕВ, МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Жаңаөзен магистралды газ құбыры биыл көктемде басталып қазан айында бітті. Бұл ҚазақГАЗ мекемесінің жеке қаражатына салынды. 180 млрд теңгеге. Жалпы ұзындығы 308 км. Бұл Маңғыстау облысына жеткізілетін газдың үздіксіз қауіпсіз берілуін қамтамасыз етіп отыр. Бұл облыстың үлкен мәселесі шешілді.

Облысқа соңғы бес жылда 3 триллион теңгеден астам қаржы бөлінген. Ағымдағы жылдың 10 айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 800 миллиард теңгеден асқан. Аймақ басшысының айтуынша, жыл басынан бері Маңғыстау облысында жалпы құны 11 млрд теңге болатын 11 инвестициялық жоба іске қосылған. Бұл 500-ден астам тұрғынды жұмыспен қамтуға мүмкіндік берді.

Нұрлан НОҒАЕВ, МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Биыл қаңтар, қазан айларыңда 29737 адам жұмысқа орналасты. Соның ішінде 20190-ны тұрақты жұмысқа орналасты. Бұның ішінде мемлекеттің республикалық бюджеттен бөлініп жатқан, облыстық бюджеттен бөлініп жатқан инвеститциялық жобалармен бірге өңірлік жұмыс жасаймын бағдарламасының аясында және жеке кәсіпкерлердің орналастырған қызметкерлерінің саны да осы жерге кіреді.

Алдағы 3 жылда 62 инвестициялық жобаның пулы қалыптаспақ. Осы жобаларды сәтті жүзеге асыру арқылы облыс экономикасына бір жарым триллион теңгеден астам инвестиция тарту және 7300 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда.