Русский Сайттың толық нұсқасы

"Қорғаныс, қолдау жоқ": Бақыт Шадаева өміріндегі басты өкінішін айтты

  • AstanaTV
  • 28 қараша 2023
  • 826

Қазақстандық танымал әнші Бақыт Шадаева өмірдегі басты өкінішін айтты. Отбасылық өмірде жолы болмаған әртіс өзіне ер азаматтың қорғанысы мен қолдауы жетіспейтінін жеткізді.

Өнер иесі болашақта тағы да тұрмысқа шығуға ниетті екенін айтты. Ол өзін қорғайтын ер азаматты кездестіретініне сенеді.

"Мен бұл өмірде көп нәрсеге қол жеткіздім. Сүйікті ісіммен айналысамын. Қыздарымды тәрбиелеп, барынша олардың жағдайын жасап келемін. Бірақ мені де толғандыратын дүние бар. Ол қолдау, қорғаныс жоқ. Өмір бойы соны күтіп келдім. Бірақ кейде ойлаймын, мен әлі жаспын, сұлумын, әдемімін, кереметпін. Тағы да тұрмысқа шығуға үмітім бар. Қорғайтын біреу табылатын шығар деп ойлаймын. Бірақ мен өзім оған ешқандай әрекет жасамаймын. Өйткені, күйдім, пістім, болдым. Егер құдай бұйыртып жатса көрерміз. Өмірімді толықтырмай тұрған бір нәрсе ғана ғой. Басқа жағы шүкір жақсы", - деді әнші "Менің өмірім" бағдарламасында