Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркияда арнайы операция кезінде мыңнан астам қылмыскер ұсталды

  • AstanaTV
  • 28 қараша 2023
  • 1047

Түркияда «Айналым-7» атауымен өткен арнайы операция кезінде түріктің күштік құрылымдары мыңнан астам қылмыскерді ұстады, оның ішінде бұған дейін іздеуде болғандары да бар.

Түркияның Ішкі істер министрі Али Йерликая өзінің Х әлеуметтік желісінде (бұрынғы Twitter) ұсталғандардың бір бөлігі 20, тіпті одан да ұзақ жыл бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін жазды.

- Елдің 81 провинциясында бір уақытта жүргізілген арнайы операция кезінде 24 мыңнан астам күштік құрылым қызметкері түрлі қылмыс жасаған 1034 адамды ұстады, - деді ведомство басшысы.

Полиция қызметкерлері, жандармерия, ТР ІІМ арнайы мақсаттағы жасағы, сонымен қатар әскери қызметкерлер күдіктілер мен іздеуде жүргендердің паналап отырған орнына рейд жүргізді. Күштік ведомстволар 4 мыңнан астам үй мен пәтерді тексерді.

Арнайы операция кезінде адам өлтіргені үшін іздеуде болған 13 қылмыскер, лаңкестік ұйымға мүше 9 адам ұсталды. Қолға түсірілгендердің 342-і түрлі қылмыс жасағаны үшін, оның ішінде ұрлық пен алаяқтық жасады деген күдікпен қамауға алынды. 239 азамат қарақшылық үшін іздестіріліп жатқан екен. Ұсталғандардың ішінде 90 адамның есірткі және қару сатумен байланысы бар.