Русский Сайттың толық нұсқасы

"Ішіне пышақ сұғып, терісін жыртып жіберген": Гүлзира Айдарбекова күйеуінен айырылып қала жаздағанын айтып берді

  • AstanaTV
  • 29 қараша 2023
  • 1346

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова тұрмыс құрған жылдары орын алған ауыр оқиға туралы алғаш рет айтты. Тұңғышы Қайрат Нұртас бес айлық кезінде күйеуін пышақтап кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қайғылы оқиға жастардың би кешінде болған.

“Қайрат 5 ай болған кезде Нұртасты Павлодар қаласына практикаға алып кетті. Ол кезде Политех-тың студенті болатын. Бізге жас отбасы деп институт екі бөлмелі жатақхана берген еді, мен сол жерде қалдым. Екеуіміз екі қалада жүрдік. Павлодар қаласына барғаннан кейін, жас жігіттер би кешіне шығады. 25 бала болып барады. Сол жақтың 50-60 баласына тап болып, қарсы төбелеседі. Нұрекең сол кезде әскерді енді бітіріп келген жылы болатын. Тепсе темір үзетін күші бар еді. 25 баланың бәрі әскерге бармаған. Арасында екі-үш жігіт қана барған. Қалғандары институттың 1 курсын бітірген жасы 20-ға да толмаған жас жігіттер. Бұзақы жігіттер араларындағы Бауыржан деген баланы шақырады. Қолдарына пышақ барын анық көрген Нұрекең оны артқа қарай итеріп, өзі төбелесуге кетеді. Сол сәтте барлығы Нұрекеңе жабылып, ішіне пышақ сұғып, терісін жыртып жібереді. Маған хабар келгенде, ең бірінші басыма келген ой, “бес айлық баламен жесір қалдым ба?” деген болды. Қатты қорқып кетіп, бір орында тұрып қалғаным есімде. Қазіргідей бірден ұшып баратын мүмкіндік жоқ. Отбасы болғаннан кейін әртүрлі сынақтың болатыны белгілі. Біреу ақшамен, екіншісі жоқшылықпен, енді біреуі денсаулықпен сынайды. Сізге таныс емес нөмер хабарласып, “Күйеуіңіз пышақталды” десе қандай күйде болатын едіңіз”, – оқырмандарын ойландырып қойды.