Танысу қосымшалары арқылы қарым-қатынас өрбітетіндердің қарасы көбейді. Қазір әлеуметтік желіде танысып, кездескенде арам ойын жүзеге асыратындар туралы жиі еститін болдық. Тіпті, әбден сенімге кіріп, қарызға батыратындар да бар. Интернетте жұп іздеуге бола ма? Оның салдары қандай? Тілшіміз ғаламторды шарлап шықты.
Ақпараттық технология дамыған сайын адамдардың өмірінде виртуалды көрініс етек жая бастады. Қазір таныстық алаңдарына арналған қосымшалар жастарға жақсы таныс. «Тиндер» туралы естіген боларсыз? Әлемдегі ең қауіпті қосымшаның бірі. Астаналық Кәмшат Атаева осы желі арқылы жігітпен танысып, опық жедім, - дейді. Телефонның арғы жағындағы азаматтың бал сөзіне сеніп, алданып қалғанын айтады.
Камшат АТАБАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Бір жігіт жазды, яғни, ол взаимно деп аталады. Ол да маған, значит лайк басқан. Сол взаимно болғаннан кейін, біз 1-2 күн сөйлестік. Барлығы жақсы болды. 1-2 күннен кейін, ол мені кездесуге шақырды. Бірақ кездесуге барғаннан кейін,мүлдем басқа адамды, есімінде атады, есімі де басқа.
Бұл желі біраз адамға таныс екен. Пікір сұраған тұрғындардың арасында Камшат секілді от басқандары да көп.
БЛИЦ-САУАЛНАМА:
- Бұл приложениені қолданғанмын. Бұл арқылы менің таныстарымда қолайсыз жағдайлар болған.
- Менің ойымша, өте қауіпті. Себебі нежелательный таныстар пайда болады. Тиндер үшін өмірінде көп қиыншылықтар болды десекте болады.
Онлайн таныстықтың бәрі сәтті аяқтала бермейді. Психолог Дидара Әділжанова мұндай платформаны көбіне жалғызсырап жүрген жастар қолданады, - дейді.
Дидара ӘДІЛЖАНОВА, ПСИХОЛОГ:
Танысу кезінде сіз кіммен сөйлесіп жатқаныңызды нақты білмейсіз. Телефонның ар жағында алаяқ, педофил тіпті үйленген ер-азаматтар да отырады. Сол себепті өзіңіз жайлы барлық ақпаратты айтпаған жөн. Кездесетін кезде түскі уақытта және жақын достарыңызға ескертіп шығу қажет.
Тұрғындардың 48% тиндер қосымшасын қолданады. Тіркелгендердің мақсаты әр түрлі. 13%-ы нақты болашақ жарын табу үшін пайдаланса, он адамның бірі арам ойын жүзеге асыруды көздейді.
Айша Құрманғали, ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ:
Менің ше, жалпы қазақтың дәстүрінде, бізде қыздарды таныстырудың керемет үрдістері болған. Мысалы, соның көп рөлін кезінде жеңгелер атқарған. Бұл процесске біз қарсы қоя алмаймыз, тоқтата аламаймыз. Бірақ өзіміздің ұлттық дәстүріміздегі осындай құралдарды қолдану арқылы қыздарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ете аламыз.
Қоғам белсенділері танысу сервистеріне сұраныс артпаса кемімейтінін айтады. Уақытының көп бөлігін телефонға телміріп өткізетін, жұмысбасты адамдар үшін интернет таптырмас құрал. Бірақ сақтықты ұмытуға болмайды. Желіде отырып жемтік болғандардың оқиғасын естен шығармаған жөн.