Русский Сайттың толық нұсқасы

Дубайда БҰҰ-ның климаттың өзгеруі жөніндегі конференциясы өтеді

  • AstanaTV
  • 30 қараша 2023
  • 1008

30 қараша мен 12 желтоқсан аралығында Дубайда БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясы (КС-28) тараптарының 28-ші конференциясы өтеді. Kazinform бұл туралы ұйымның сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Іс-шараға 70 мыңнан астам делегат қатысады деп жоспарланып отыр. Конференцияда ел үкіметтері жаһандық температураның көтерілуін шектеу, оған бейімделу және климаттың өзгеруінің әсерін азайту үшін саяси және экономикалық шаралар туралы келіседі.

Биыл конференцияға БАӘ Өнеркәсіп және озық технологиялар министрі Сұлтан-әл-Джабер төрағалық етеді.

Ол төрт негізгі бағыттағы өзгерістерге баса назар аударатынын айтты, бұл:

- 2030 жылға дейін энергияның ауысуын жеделдету және шығарындыларды азайту;

- бұрынғы уәделерді орындау және жаңа келісімге негіз қалау арқылы климаттық қаржыландыруды өзгерту;

- табиғатты, адамдарды және тіршілікті қорғауға көңіл бөлу;

- тарихтағы ең инклюзивті климаттық конференцияны өткізу үшін күш-жігерді жұмылдыру.

КС-28 халықаралық қауымдастыққа әлемнің климаттық дағдарыспен күресуде қаншалықты ілгерілегенін және бағытты түзету қаншалықты қажет екенін тексеруге мүмкіндік береді.

БҰҰ-ның климаттық конференциялары – климаттың ортақ стратегиясын әзірлеуге арналған жыл сайынғы үкімет деңгейіндегі ауқымды кездесу. Бұл форумдарды сондай-ақ «БҰҰ Климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясы тараптарының конференциялары» деп атайды.