Русский Сайттың толық нұсқасы

Студенттер даяшы болып жұмыс істеген: Алматыда хостелдегі өрттен достарын жоғалтқан куәгер мән-жайды айтып берді

  • AstanaTV
  • 30 қараша 2023
  • 982

Алматыдағы “Almaty Hostel”-де өрт болып, 13 адам мерт болды. Аталмыш хостелде тұрған оқиға куәгері тілшімізге мән-жайды айтып берді. 

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.  

Аймұрат хостелде бір айдан аса уақыт тұрады екен. Көз жұмғандардың ішінде оның достары бар. Сөзінше, мұнда тиісті талаптар сақталмаған.

"Барлығы ашық-шашық жатады. Розеткалар ашық. Талаптар сақталмаған. Көз жұмғандардың арасында достарым да бар. Көбі студенттер, жұмыс істейтіндер де бар. Шетелдіктер арасында Алжир, Үндістаннан келген студенттер. Балалар оқу оқитын, даяшы боп жұмыс істейтін. Мен бірінші қабатта тұрдым, оянсам, ештеңе көрінбейді. Ал жертөледе жағдай одан да жаман болды. Сондықтан шыға алмаған сияқты", – деді ол.

Хостел тұрғындарын басқа орынға ауыстырып жатыр. Қолдарына жүктерін көтергендердің басым бөлігі жастар. Арасында ересектер де бар.

"Әйелім қазір мәйіттерді тануға кетті. Электр жүйесімен мәселелер болғаны рас. Мәйіттерді алып шығарғанда да көмектестім. Қазір басқа орынға апара жатыр. Басқа ештеңе айта алмаймын", – деді Владимир есімді хостел тұрғыны.

Бұған дейін Алматыда хостелдегі өрттің салдарынан 13 адам мерт болғаны айтылды. Өрттен кейін республикалық комиссия құрылды.Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов бірінші рейспен Алматыға келеді.