Русский Сайттың толық нұсқасы

Рудный жылу-энергетика орталығында құбыр жарылып, 2 адам қаза тапты

  • AstanaTV
  • 07 желтоқсан 2016
  • 3230

Қостанай облысы Рудный қаласында өндірістік апаттан екі адам қаза тапты. Оқиғаның мән-жайын арнайы комиссия анықтап жатыр. Бұл жағдай «Соколов-Сарыбай» кен басқармасына қарайтын жылу-энергетика орталығында болған. 

Қайта жаңартудан өткен қазандықты іске қосу кезінде құбыр жарылып, нысандағы жұмысшылар жапа шекті. 40 адамның екеуі оқиға орнында көз жұмып, түрлі деңгейде күйік алған үш адам ауруханаға жеткізілген. Қалғандары дін аман.

Арнайы комиссия мен төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері ресми ақпарат берген жоқ. Оқиғаның мән-жайын алғашқы тексеру-анықтау жұмыстары аяқталған соң жариялаймыз деп отыр. Ал, жарақат алғандардың екеуі  алғашқы медициналық көмек көрсетілген соң үйіне жіберілген. Біреуі жансақтау бөлімінде жатыр.

Талғат Қайыркенов, Рудный қалалық ауруханасының бас дәрігері:

Науқастың жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр. Денесінің 20 пайызын күйік шалған. Қазір өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Бірақ күйік жарақаты өте терең. Сондықтан ем қабылдау мерзімі бір жарым айға дейін созылуы мүмкін.

Заңар САНАЙ