Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркістан облысында «Самұрық-Қазына» қоры ерте араласу орталығын ашты

Еліміздегі нейро-ортопедиялық бұзылыстары және олардың туындау қаупі бар балаларға арналған орталықтардың қатары тағы біреуге артты. Түркістан облысында «Самұрық-Қазына» қоры «Қамқорлық» ерте араласу орталығын ашты. Бұл - ел аумағында аталмыш қор қаржыландырған отызыншы орталық.

«Самұрық-Қазына» қорының қолдауымен салтанатты түрде іске қосылған «Қамқорлық» ерте араласу орталығы Сарыағаш аудандық орталық ауруханасының базасында орналасқан. Мұнда мамандар жыл сайын 3 жасқа дейінгі 600 ерекше баланы оңалтумен қамтитын болады.

Ерте араласу орталығының жұмыс үлгісі әрбір сәби үшін оңалтудың жеке жоспарын жасау және көпбейінді мамандар тобы – невропатологтар, оңалту дәрігерлері мен педиатрлар, кәсіптік терапевтер, логопедтер жұмыс жасайды. Еліміздің тоғыз өңірінде жұмыс істеп тұрған осындай орталықтарда бүгінге дейін отыз мыңдай бала тиісті ем алып үлгерген.

Ғибрат АУҒАНОВ, «САМҰРЫҚ –ҚАЗЫНА» АҚ КОРПОРАТИВТІК БАСҚАРУ, ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК – ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

2 мың баламыз алғашқы қадамдарын басып, емін алып, алғашқы қадамдарын басты. 3 мыңнан жоғары бала сөйлеу қабілеттері жақсарып, бүгінгі күні сөйлеуге үйреніп, ата-аналары қуанып, өздерінің ризашылықтарын білдіріп жүр бүгінгі күні. Жалпы «Самұрық-Қазына» қоры осындай ерте араласу орталықтарын әне оңалту орталықтарын тоғыз өңірде Қазақстанның тоғыз өңірінде ашқан еді. Әрі қарайда болашақта біз осындай орталықтарды ашуға дайынбыз.

Ерте араласу орталығында церебралды сал ауруы, шала туу, Даун синдромы, дамуында туа біткен ақаулары, бұлшық ет дистрофиясы, босану жарақаттары және қозғалыс бұзылыстары, жүйке жүйесінің басқа да аурулары бар балалар оңалтудан өтеді. Орталықта балалармен жұмыс істеу үшін тиімді заманауи технологиялар ұсынылған. Бәрінен бұрын жергілікті ата-аналар қуанып жүр.

Жібек ҚАСЫМБЕКОВА, САРЫАҒАШ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Шымкент , Кентау, Астана сол жақтарға баратынбыз ылғи..Бірақ ол жақта алты айға дейін, жылдап кезегімізді күтіп қалып сондай болатын бізде постоянно. Әйтеуір жақын жерден ашылып, қуанып жатырмыз. Осы «Самұрық - Қазына» қорына үлкен рақмет!.

Орталық күніне 50 балаға дейін қабылдайды. Емдік курс 21 күн. Диагнозына қарай 25 күнге дейін ем береміз дейді мамандар.

Севара ГАДЫМОВА, ДӘРІГЕР- РЕАБИЛЕТОЛОГ:

Біздің Сарыағаш ауданында осындай ерте араласу орталығы бірінші рет ашылып жатыр. Осынша керемет, осынша масштабный проект болғаннан кейін Самұрық қазынаға да рақмет. Әдемі условие создовать етті бізге, балаларға да первый очеред. Ата-аналарға да.

Айта кетейік, Қамқорлық жобасы ел аумағында «Самұрық - Қазына» АҚ-ның бірыңғай қайырымдылық операторы «Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қорының қаржыландыруымен жүзеге асып жатыр.