Русский Сайттың толық нұсқасы

Демалыс күндері елімізде қар жауып, аяз болуы мүмкін

  • AstanaTV
  • 01 желтоқсан 2023
  • 795

Синоптиктер 2-4 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, алдағы күндері белсенді атлантикалық циклон жырасына және байланысты атмосфералық фронтальды ағыстардың әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жаууы мүмкін.

«3 желтоқсанда солтүстік-батыста және солтүстікте, 3-4 желтоқсанда шығыста, 4 желтоқсанда еліміздің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда қатты жауын-шашын жауады. Жауын-шашынмен қатар республиканың солтүстік жартысында көктайғақ пен бұрқасын болады», - дейді сионоптиктер.

Республика бойынша тұман түсіп, жел 15-29 м/с жетеді, еліміздің солтүстік-батысында және солтүстігінде жел екпіні кей уақытта 30 м/с және одан қатты болуы мүмкін.

4 желтоқсаннан бастап солтүстік-батыс антициклонының жотасымен суық ауа массалары енеді, бұл Қазақстанның басым бөлігінде температураның күрт төмендеуіне әкеледі.

«Солтүстік-батыс және солтүстікте түнгі сағаттарда 7-21 градус аязға дейін, ал республиканың орталығы мен шығысында 5-15 градус аязға дейін төмендеуі ықтимал. Оңтүстік өңірлерде 0-5 градус аязға дейін шамалы төмендеуі мүмкін», - делінген хабарламада.