Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматы облысында "Жайлы мектеп" жобасы аясында 53 мектеп салынады

Алматы облысында 8 мектеп "Starlink" спутниктік интернетіне тегін қосылды. Сондай-ақ "Жайлы мектеп" жобасы аясында 53 мектеп салынады. Өңірдегі жұмыссыздық мәселесі де біртіндеп шешіліп келеді. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев брифингте айтты.

Облыста білім беру саласындағы негізгі басымдық – үш ауысымды оқыту мен орын тапшылығын жоюға бағытталған. Өңірде қазір үш ауысымды 52 мектеп бар. Оны келер жылы 39-ға дейін азайту жоспарланған. "Жайлы мектеп" Ұлттық жобасы аясында 2024-2025 жылдары 53 мектеп салынады. Нәтижесінде үш ауысымды мектеп мәселесі толықтай шешіледі - дейді аймақ басшысы.

Марат СҰЛТАНҒАЗИЕВ, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

"Білім-инновация" және "Қазақстан халқына" қорларымен бірлесіп, "Табысты 50 мектеп" атты бірегей жобаны жүзеге асыру үшін жергілікті бюджеттен 756 млн теңге бөлген болатынбыз. Ол 50 мектептің 3,8 мың ұстазы біліктілігін арттыруға және 58 мыңнан астам оқушы кешенді оқуымен қамтылған. Жоба аясында «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен 50 мектепке 1,5 млрд теңгеге 150 кабинетті зертхана жабдықтауда ол физика, химия және биология пәндері бойынша.

Сонымен бірге, Алматы облысында туризм саласы маңызды орын алады. Биыл жарты жылда ішкі туристер саны 13 пайызға, ал шетелдік туристер 12 пайызға артқан. Былтырғымен салыстырған әлдеқайда өскен.

Марат СҰЛТАНҒАЗИЕВ, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Республикалық туристік қатарға енген әрбір оныншы нысанның бірі біздің өңірде болады. Ағымды жылы 15 туристік аумаққа 337 шықырым таулы соқпақтармен маршуттарды абаттандыруға жұмыс жүргізу бастадық. Көлсай көлінің инфрақұрылымын дамыту кәріз жүйелерінің мәселелерін шешу қолға алдық. Осы жұмыс шеңберінде Нарынқол мен Қытай республика туристер өткізу пунктін ашу жоспарлап тұрмыз. Аталған шаралар туристер санын ары қарай нығайтуға мүмкіндік береді.

Отандық өнімнің 85 пайызы осы облыстан шығады. Бұдан бөлек аймақта өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы саласы қарқынды дамып келеді.