Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанай облысындағы «Қарасу» сауда-өндірістік компаниясы тәуелсіздік жылдары қарқынды дамыды

  • AstanaTV
  • 07 желтоқсан 2016
  • 4961

Қостанай облысындағы Қарасу кенті тәуелсіздік жылдары қарқынды дамыды. Ауылдың ажары ашылып, әлеуметтік нысандар жөнделді. Халықтың қамы үшін жасалған игі істердің басында «Қарасу» сауда-өнеркәсіптік компаниясы тұр.

1996 жылы құрылған "Қарасу" сауда-өнеркәсіптік компаниясы бүгінде алып кешенге айналған. Әсіресе астық пен ет өндірісі саласында зор жетістіктерге жетіп отыр.

Алмат  Тұрсынов, «Қарасу» СӨК бас директоры:

Мемлекет тарапынан айтарлықтай қолдау көрсетілуде. Асыл тұқымды мал басын көбейту мен бордақылау алаңдарын кеңейтуге басымдылық беріледі. Шағын шаруаларға да жан-жақты жағдай жасалуда. «Құлан», «Сыбаға» аталатын бірнеше мемлекеттік бағдарламалар  бар.

Отандық өндірістің өрісін кеңейтіп жатқан компания құрамында астық өсіретін 9, мал бордақылаумен айналысатын 6 шаруашылық, жоғары сапалы ұн өндіретін екі кәсіпорын бар. Енді мал шаруашылығын қарқынды дамытуды қолға алған. Алты мыңға жуық қазақтың ақ бас сиырын бағып, салмағы 400 келіге жеткенде, етке жібереді. Заманауи жабдықталған кәсіпорында 140 түрлі ет өнімдері шығарылады.

Амантай Ғабдуллин, «Қарасу- ет» ЖШС директорының орынбасары:

3700 тонна өнім шығарамыз жылына. Мұнда 109 адам жұмыс істейді. Орташа айлықтары 95 мың теңге.

Кәсіпорын малдың қиын да кәдеге жаратып, одан қуат өндіріп отыр. Биогаздық қондырғы ауылды электр жарығымен қамтамасыз етуге қауқарлы. Қарасулықтар шығарған өнім көрші елде де сұранысқа ие. Биыл Ресейге 400 тоннаға жуық ет экспорттаған. Алдағы уақытта Араб Әмірліктері мен Қытайға өнім шығаруды көздеп отыр. Егіншілік саласында да жетістіктер баршылық.

Сәкен Төкенов, қоғам қайраткері:

Қостанай облысы, мен жай айтайын, 5 миллион астық алса, соның 1 мииллионы Қарасу, соның 80 пайызы Алматқа тиесілі өнім. Мұның бәрі - өзіне, халқына, елімізге жасап жатқан қызметі.

Алмат Жанәбілұлы басқаратын "Қарасу" сауда-өнеркәсіптік компаниясы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін  жақсы сезінеді. Соңғы он шақты жылда компания жаңа спорт кешендеріне, балабақша, мектеп пен тұрғын үй құрылысына қаржылай қолдау көрсеткен.

Заңғар САНАЙ