Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда 13 адам қаза тапқан хостелдің басшысы ұсталды

  • AstanaTV
  • 02 желтоқсан 2023
  • 1104

30 қарашадағы "Алматы Хостел" ғимаратындағы өрт оқиғасына байланысты ҚР ҚК-нің 292-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, деп хабарлайды Bugin.kz 

"Бас Прокурордың тапсырмасына сәйкес қылмыстық іс арнайы прокурордың іс жүргізу өндірісіне қабылданды. Құқық қорғау органдарының тәжірибелі қызметкерлерінен құралған ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды. Өрттің шығу себебі мен алғышарттарын анықтау мақсатында оқиға орнына қарап-тексеру жүргізіліп, сараптамалар тағайындалып, өзге де жедел-тергеу іс шаралары ұйымдастырылып жатыр. Сол күні осы қылмысты жасады деген күдікпен хостелді жалға алушы А.Мухамедъяров прокурорлармен ұсталып, уақытша ұстау изоляторына оқшауландырылды", - делінген ҚР Бас прокуратурасының хабарламасында.

Тергеу аясында хостелдің қызмет көрсетуіне қатысы болған барлық тұлғалардың әрекетіне құқықтық баға беріледі. Қылмыстық іс тергеуі Бас Прокурордың бақылауында болады.