Русский Сайттың толық нұсқасы

Өз пәтерінен ұлының мәйітін тапты

  • AstanaTV
  • 02 желтоқсан 2023
  • 1434

1 желтоқсанда Қаратау ауданының полиция басқармасына 102 арнасы арқылы жергілікті тұрғын өз пәтерінде ұлының мәйітін тапқаны туралы хабарлады. 

Оқиға орнында жедел-тергеу тобы мойын аймағында кесіліп-тесілген жарақатымен 28 жастағы азаматтың мәйітін анықтады. 

Жайт бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабымен “адам өлтіру” қылмыстық іс тіркелді. 

Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Қазіргі таңда полиция қызметкерлерімен ауыр қылмысты жасаған кінәлі тұлғаны анықтап, ұстауға бағытталған барлық қажетті іс-шаралар жүргізілуде.