Русский Сайттың толық нұсқасы

Қасақана жасады! Месси 2022 жылғы әлем чемпионатында Ван Галмен болған қақтығысы туралы айтты

  • AstanaTV
  • 03 желтоқсан 2023
  • 1371

Аргентина футбол командасының шабуылшысы Лионель Месси Нидерланды ұлттық құрамасының бас бапкері Луи Ван Галмен Катардағы 2022 жылғы әлем чемпионаты кезінде болған жағдайға түсініктеме берді, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Ойын алдындағы Ван Галдың сөзінше Месси қорғаныста жеткілікті мөлшерде ойнамайды. Сол себепті  аргентиналықтарды 1/4 финалда ұтуға болады деген (пенальти бойынша 2:2 3:4). Леоға бұл сөздер ұнамапты.

"Нидерландыдағы жағдай Левандовскиймен болған жағдайға ұқсас болды. Адамдар алаңнан тыс жерде сөйлеп және қарсыласын құрметтемегені маған ұнамайды. Ойын алдында мен Ван Галды ашуландыруға тырыспадым. Мен оған құрметсіздік танытпадым. Мен мұндай әрекетті ешқашан жасаған емеспін және маған осылай істеген адамдарды ұнатпаймын. Менің ойымша, Ван Гал мұны қасақана жасады және олардың қақпашысы да матч алдында көп сөз айтты. Маған мұндай нәрселер мүлдем ұнамайды. Мен ешқашан ондай болған емеспін. Алаңда миллион нәрсе болуы мүмкін, бірақ бәрі алаңда қалуы керек", - дейді Месси.

Месси ойынның 73-минуттында пенальтиді сәтті орындап, оның командасы 2:0 есебімен алға шыққан кезде Ван Галға қарама-қарсы алақанын құлағына қойып тұрып қалды. Ол белгілі бір адамға жасалған әрекет деп есептеуге болады.