Русский Сайттың толық нұсқасы

Оралда тұрғындардан күшпен ақша бопсалаған күдіктілер ұсталды

  • AstanaTV
  • 03 желтоқсан 2023
  • 2511

Оралдық полицейлер бопсалаушыларды ұстады, - деп хабарлайды polisia.kz.

Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті экстремизге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Оралдың 1992 жылы туған тұрғынынан күшпен 2 миллион теңге көлемінде ақша бопсалаған 1984 жылғы күдіктіні анықтап, ұстады.

Тексеру барысында күдікті бұған дейін де бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны, алайда ешқандай шешім шығармағаны белгілі болды.

Сондай-ақ Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ақша бопсалады деген күдікпен 19 және 20 жастағы үш тұрғынды ұстады.

Олар күшпен Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының тұрғынынан 250 мың теңге көлемінде ақша бопсалаған. Ұсталғандар Орал полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған екі фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы 2-бөлігі ("Қорқытып алу") бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Оларға үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе мүлкі тәркіленіп, сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.





Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/basty-zhaalytar-438/96013/