Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада 600-дей отбасы жылусыз отыр

  • AstanaTV
  • 08 желтоқсан 2016
  • 2058

Астанада 600-ден астам отбасы жылусыз отыр. Тілендиев көшесі бойындағы Ұлытау тұрғын үй кешеніндегілердің сақылдаған аязда пәтерлерінде тоңып отырудан өзге амалы қалмаған. Олар жылудың тек түн мезгілінде берілетінін айтып арнамызға шағымданды. Қазір баспанадағы температура небәрі 10 градус шамасында,-деп ашынады. Арасында көпбалалы отбасылар да бар.

Гүлден Сейсенбина:

Міне осылай күніміз өтіп жатыр. Балаға бүкіл жылы киімдерді қабаттап кигіземіз. Мынадай суықта ауырып қаламыз ба деген үрей де жоқ емес. Не істерімізді білмейміз.

Бұл кешен 2014 жылы пайдалануға берілген. Мұнда негізінен мемлекеттік қызметкерлер тұрады. ПИК өкілдері тұрғындардың жылуға қарызы тым көбейіп кеткендіктен, осындай қиындық орын алып отырғанын жеткізді. Ең сорақысы сол, баспанаға кіргелі бері жылу ақысын төлемеген жандар да бар көрінеді. Жылумен қамтушылардың дерегінше, берешек көлемі 16 миллион теңгеге жуықтайды.

Асылхан Әбілдинов, "Тұрмыс" ПИК директорының орынбасары:

Қазір 4 тоннадай сұйық отын қалды. Үнемдеу мақсатында  жылу беруді ішінара тоқтатуға мәжбүрміз. Яғни автономды пешті өшіруге тура келді. Кешке қарай қосамыз. Бұлай етпесек, отынды жеткізе алмаймыз. 

Базаргүл ОТЫНШИЕВА