Русский Сайттың толық нұсқасы

Онлайн-петиция платформасы 2024 жылы іске қосылады

  • AstanaTV
  • 06 желтоқсан 2023
  • 1079

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы петицияға қатысты әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады. 

Қазір 150 мың адам дауыс жинаған. Оның айтуынша, онлайн-петицияларды жіберуге арналған арнайы платформа 2024 жылдың сәуір айында іске қосылады.

Осы петицияға қатысты "Қоғамдық бақылау туралы" Заңына сәйкес сипатталған рәсімдер қолданылмайды. Дегенмен, кез келген дауыстың мемлекет үшін маңызы зор. Әсіресе, бұл адамдардың денсаулығы мен өміріне қатысты болса, жұртшылықтың пікірін тыңдаймыз. Қазақстан халқының осындай тақырыптағы көрінісін елемеу мүмкін емес. Бұл петиция туралы көптеген мемлекеттік органдардың басшылары айтып та үлгерді, - деді министр.

Сондай-ақ Аида Балаева тұрмыстық зорлық-зомбылық тақырыбы бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды да атап өткен.

Бүгін Үкімет деңгейінде тиісті талқылаулар өтті. Тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресу шаралары Бас прокуратураның Үйлестіру кеңесінде де талқыланды. Одан бөлек ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия әзірленуде. Осы тақырып бойынша Кешенді жоспар дайындалып жатыр. Біз осы петицияға бастамашы болған бірқатар сарапшымен үнемі байланыста болып, олардың пікірлерін ескереміз, - деді Аида Балаева.