Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте 39 млн теңге өтелмеген қарызы бар жүргізуші анықталды

  • AstanaTV
  • 07 желтоқсан 2023
  • 994

Шымкентте 39 млн теңге қарызы бар жүргізушінің көлігі айыптұраққа қойылды.

Полиция хабарлауынша, күні кеше Қонаев даңғылының бойында Chevrolet Damas автокөлігі тоқтатылған.

Жүргізушінің құжаттарын тексеру барысында оның көлік басқару құқығы шектелгені және 39 млн теңге өтелмеген қарызы бар екені анықталыпты.

Көлік бірден айыптұраққа қойылды.