Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан алдағы уақытта мұнай өндірісін азайтуы мүмкін - Қанат Бозымбаев

  • AstanaTV
  • 09 желтоқсан 2016
  • 2586

Қазақстан алдағы уақытта мұнай өндірісін азайтуы мүмкін. Қашаған кен орны енді ғана іске қосылған тұста мұндай шешімге келу - тосын әрекет. Әйтсе де бұл-ОПЕК-ке мүше елдердің ұстанымын қолдау болып табылады. Бұл туралы энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлімдеді.

10 желтоқсанда Венада мұнай экспорттаушы елдер ұйымының кездесуі өтпек. Онда мұнай өндірісін азайту туралы келісім жасалады деген жорамал бар. Егер ол жүзеге асса, мұнай бағасы арта түсуі мүмкін, - дейді министр. Оның сөзінше, бұл ел экономикасына да, мұнай өндіруші компанияларға да оң әсерін тигізеді. Тағы бір айта кетерлігі, Қашаған кен орнындағы мұнай өндірісі әу баста жоспарланғандай жүргізіле береді, - дейді Қанат Бозымбаев.

Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:

Алдағы 6 айда мұнай өндірісін азайтып, оның көлемін қатырып ұстап отырған мұнай өндіруші елдердің шешімін Қазақстан да қолдайды дегім келеді. ОПЕК-ке мүше елдер өндірісті 3-4 пайызға азайтты. Осының нәтижесінде мұнай бағасы 17 пайызға артып отыр. Шешім әзірге тек бірінші жарты жылдыққа қабылданған. Ал мұнай бағасының неғұрлым жоғары болғаны бәріміз үшін тиімді.