Русский Сайттың толық нұсқасы

"Алматы - Орал" бағытындағы жолаушылар пойызы 6 сағат тоқтап тұрды

  • AstanaTV
  • 09 желтоқсан 2023
  • 952

Алматы-2 – Орал бағытындағы N51 "Тальго" жолаушылар пойызы техникалық ақауға байланысты сағат 20:35-тен 02:13-ке дейін Тобылда тоқтап тұрды. Қазір ол Оралға жол тартты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ақау жойылғаннан кейін  сағат 02:13-те "Тобылә стансасынан Оралға 6 сағат 05 сағат кешігіп пойыз жөнелтілді.  Орал станциясына 6 сағат кешігіп келуі мүмкін. Пойыз тоқтаған кезде жолаушыларды тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді",  - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, компания келтірілген қолайсыздық үшін жолаушылардан кешірім сұрайтынын айтты.

"Қазақстан Республикасының аумағында теміржол көлігімен жолаушыларды жүгімен тасымалдау қағидаларына сәйкес ақшаны қайтару және жолаушыларға өтемақы төлеу шаралары қолданылатынын хабарлайды", - деп атап өтті ұйым.