Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыдағы Алмалы ауданында ақылы тротуар тұрақтары іске қосылады

  • AstanaTV
  • 10 желтоқсан 2023
  • 1185

11 желтоқсаннан бастап Алматының Алмалы ауданында ақылы тротуар тұрағы минутына төленеді. Бұл ауданда 27 аймақ, 6 504 тұрақ орны, оның ішінде 454-і мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс істейді.

Ақылы тротуар тұрағының жұмыс тәртібі: күн сайын сағат 8: 00-ден 19:00-ге дейін. Бір сағаттың құны 100 теңге. Уақытты есептеу көлік құралының тұрақ аймағында тоқтаған сәтінен басталады. Тұрақ ақысын алғашқы 15 минут ішінде төлеу қажет.

Тұрақ орны үшін алдын ала төлеуді мынадай тәсілдермен жүргізу қажет:

"парковки Алматы мобильдік қосымшасы арқылы. Бұл қосымшаны PlayMarket немесе AppStore телефондарына жүктеуге болады;

almaty-parking.kz сайтында;

Kaspi.kz мобильдік қосымшасы арқылы ақпараттық тақталардағы QR-код бойынша;

kassa 24 терминалы;

Kcell, Activ, Beeline, Tele2, Altel абоненттерінің 1309 нөмірі бойынша SMS хабарлама жіберіп, тақтада көрсетілген тұрақ нөмірін * авто нөмірі * сағат санын көрсету арқылы ұялы шоттың теңгерімінен тұрақ ақысын төлеуге мүмкіндігі бар.