Русский Сайттың толық нұсқасы

41 градус аяз: 8 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды

  • AstanaTV
  • 11 желтоқсан 2023
  • 664

Қазақстанның 8 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды.

11 желтоқсанда Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында секундына 15-20 метр күтіледі. Ақтау қаласында 11 желтоқсанда түнде көктайғақ күтіледі.

Атырау облысында шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік- батысында екпіні секундына 15-20 метр. Атырау қаласында 11 желтоқсанда шығыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында екпіні секундына 15-20 метр күтіледі. Түнде облыстың басым бөлігінде қатты аяз 40-41 градус. Петропавл қаласында 11 желтоқсанда түнде қатты аяз 40-41 градус күтіледі.

Күндіз Жетісу облысының таулы аудандарында қатты қар күтіледі. Облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында күндіз екпіні секундына 15-20 метр.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метр күтіледі.

Ақтөбе облысының солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 16 м/с күтіледі.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман, көктайғақ күтіледі. Алматы қаласында 11 желтоқсанда кей уақытта тұман күтіледі. Қонаев қаласында 11 желтоқсанда кей уақытта тұман күтіледі.

Қызылорда облысында жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында күші секундына 15-20 метр күтіледі.