Русский Сайттың толық нұсқасы

Полицейлер адасып кеткен елікке жол көрсетті

  • AstanaTV
  • 11 желтоқсан 2023
  • 918

Ақмола полицейлері адасып кеткен елікке жол көрсетті, - деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

9 желтоқсанда Көкшетау қаласы Полиция басқармасы ЖБО бейнебақылаушысы Абай-Назарбаев көшелерінің қиылысынан сібір елігін байқаған.

Патрульдік полицейлер жол қозғалысын қамтамасыз ету үшін жануарды жолдан шығарыпты.

"Осындай оқиға Атбасар ауданында да тіркелді. Жабайы жануарлардың қысқы көші-қоны әлі аяқталмады, тұяқтылар жазғы жайылымдарынан қысқы тіршілік ету ортасына оралады", - делінген хабарламада.