Русский Сайттың толық нұсқасы

Жанқош Тұраров екінші чемпиондық белбеуін жеңіп алды

Алматыда танымал спортшылардың қатысуымен кәсіпқой бокс кеші өтті. Басты жекпе-жекте жартылай орта салмақта Жанқош Тұраров пен жапондық атақты боксшы Акихиро Кондо бақ сынасты. Екі спортшы да үлкен дайындықпен келген.

Акихиро КОНДО, БОКСШЫ:
Қазақстанға келгеніме қуаныштымын. Бұл жердегі халық маған өте мейірімді болып, жылы қарсы алды. Мен үнемі жаттығып, бойға шыққаннан бөлек, кәдімгі жұмыс істеймін. 3 баламды, әйелімді асырау үшін еңбектенемін. 3-і жекпе-жек өткізу жанкүйеплерімнің, елімнің қолдауының арқасында. Сол себепті жеңіске жетуге үміттімін.
Жанқош ТҰРАРОВ, БОКСШЫ:
Бұл жарысқа 4 ай болды дайындалып жатқанымызға АҚШ-қа барып дайындалып қайттық, сбор өткізіп. Одан кейін осы жақта окябрьде болатын болды, сосын ноябрьде болатын болды. Созылып созылып келіп осы тәуелсіздікке орай үлкен бір жарыс жасауға ниет еттік, Алла қаласа дайындығым өте тамаша десем болады.
Кездесу 12 раундқа созылды. Төрешілер бірауыздан жеңісті Жанқошқа Тұраровқа берді. Боксшы өзінің IBO белбеуінен бөлек енді WBA Gold халқаралық атаққа ие болды.