Алматы қаласы ТЖД бастығы пара алғаны үшін сотталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті басқармасының бастығы пара алғаны үшін сотталғанын хабарлады.
Агенттік мәліметінше, 2023 жылғы 8 желтоқсанда Қостанай қаласының №2 соты Алматы қаласы ТЖД бастығы азаматтық қорғау подполковнигі А.К. Жаныспаевқа қатысты үкім жарияланды.
Ол кәсіпкерге жасаған қамқорлығы үшін жалпы сомасы 13 млн теңгеден астам ақшалай сыйақы алғаны үшін кінәлі деп танылды, – делінген хабарламада.
Айта кетейік, Жаныспаев 5 жылға бас бостандығынан айырылып, арнаулы атағынан, сондай-ақ мемлекеттік қызметте өмір бойы қызмет атқару құқығынан айырылды.