Бүгін
бренд маркалы мұнайдың баррелі 57 доллардан асып түсті. Осылайша "қара
алтын" құны бірден 4 пайызға қымбаттап, соңғы бір жарым жылда болмаған
көрсеткішке жетті. Бұған ОПЕК-пен ОПЕК-ке мүше емес елдердің мұнай өндірісін
қысқарту туралы келісімге қол қоюы себеп. Желтоқсанның 10-ында ұйымға мүше емес, 11 ел "қара алтын" өндірісін
тәулігіне 558 мың баррельге дейін шектеуге уағдаласты. Ал бұған дейін ОПЕК
елдері мұнай шығаруды тәулігіне 1,2 миллион баррельден 32,5 миллион баррельге
дейін кемітуге келіскен еді.