Русский Сайттың толық нұсқасы

"Жанұя" отбасы институты әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетті

  • AstanaTV
  • 13 желтоқсан 2023
  • 986

Астанада әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы және мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасыларға көмек көрсетілді. Астана қаласы әкімдігінің "Жанұя" отбасы институтын қолдау орталығы" "Тәуелсіздік - ел бақыты" атты әлеуметтік іс-шара ұйымдастырды. Шара барысында жомарт жандар отбасыларға азық-түлік және киім-кешек сертификатын табыс етті.
"Жанұя" отбасы институтын қолдау орталығы» отбасын әлеуметтік сүйемелдеу бөлімінен 300-ге жуық отбасы көмек алады. Өмірлік қиындықтарға тап болған жандар аталған орталықтың ұйымдастырған түрлі шараларында бас қосып, демеушілердің ұсынған сый-сияпаттарын қабыл алуда.

Айгүл БОЛАТХАН, «ЖАНҰЯ» ОТБАСЫ ИНСТИТУТЫНЫҢ САРЫАРҚА АУДАНЫ БОЙЫНША БӨЛІМ БАСШЫСЫ:
Бұл отбасыларға тек қана, әлеуеметтік, құқықтық, психологиялық жағынан қолдау көрсетіп қана емес, сонымен қатар әрдайым осындай әлеуемттік маңызы бар іс-шараларға, мәдени іс-шараларға шақыру арқылы бұл кісілерді осы қоғамға әлеуметтендіру жұмыстарымен де айналысамыз.
Қала тұрғыны Маржанкүл Нұрлыбаева- мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған жалғызбасты ана. Қызы №1 арнайы мектеп-интернаттың 9-сыныбында оқиды. Орталық қызметкерлері отбасыны мерекелік шаралардан құр қалдырмай, қызды мектепке қажетті құрал-жабдықтармен үнемі қамтамасыз етіп отырады.

Маржанкүл НҰРЛЫБАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Жер үйде тұрамын, дачада. Келіп өздері көріп кетті. Енді Алла жазса, көмір берейін деп жатыр. Мектеп кезінде де жағдайларын жасап, беріп жатыр. Көп-көп рақмет.
Мерекелік шарада түрлі әлеуметтік топтағы отбасыларға "КаспиМед" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қолдау көрсетті. Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған тауарларды жеткізуші серіктестік әр отбасыға сертификат табыс етті.