1 минут!
"1 минут" интеллектуалды шоуының қатысушыларына бар-жоғы 1 ғана минут беріледі. Сол уақыт аралығында берілген тапсырмаларды орындау - олардың міндеті.
Ойын 3 кезеңнен тұрады. Алғашқы бөлімде екі топқа бірдей 20 сұрақ қойылады, ойлануға бір минут беріледі.
Екінші кезеңде топ басшыларына 3 сұрақ қойылады, әр сұраққа ойлануға 20 секундтан беріледі. Жалпы уақыты 1 минут.
Ал үшінші кезеңде құпия жәшікте жасырылған затты табу керек. Ойлануға 1 минут уақыт беріледі.
Сұрақтарға дұрыс жауап берілсе жасыл түс, ал бұрыс жауап берілсе қызыл түс жанады.
Бағдарламаға елімізге белгілі әншілер мен әзілкештер қатысады.