«Жұлдызбысың» - отандық шоу-бизнес өкілдерінің қаншалықты қарапайым екенін анықтайтын ойын-сауықтық бағдарлама.
Жобаның басты мақсаты - адамның танымалдылығы емес, оның жеке мінез-құлығы және бойындағы қасиеттері маңызды екенін ұғындыру.
Шоуға 2 адам қатысады. Оларға өздерінің өмірі мен шығармашылығына қатысты сұрақтар қойылады. Негізгі талап - дұрыс жауап беру.
Салыстырмалы түрде жеңімпаз анықталады. Ал ұтылған адам «жұлдыз ауруына шалдыққан» деген атаққа ие болады. Бірақ жеңілген адамның бұл атақтан арылуына мүмкіндік бар. Ол өзіне берілген екі түрлі жазаның біреуін таңдауға құқылы:
Instagram желісіне кіріп, оқырмандарына өзінің «жұлдыз ауруына шалдыққанын» хабарлау немесе кез келген көрерменнің тойында тегін өнер көрсету (әнші болса). Ал актер болса, көрермендердің бірінің мерекелік іс-шарасына қонақ болып келуі шарт.