Тазалық - жарлықпен жасалатын, өкіммен орындалатын шаруа емес. Бұл халқымыздың әдетіне, қанға сіңген қасиетіне айналуы қажет. Табалдырықтан басталатын тазалыққа Президент ерекше мән беруінің өзіндік себебі бар. Туған өлкеге барлығымыз жанашырлықпен қарауымыз тиіс.
«Таза Қазақстан» жобасының маңыздылығы уақыт өткен сайын артып барады. Бұрынғыдай сенбілікке қинап шығару келмеске кетті. Ауласын ғана емес айналасын абаттандыруға атсалысушылар артты. Тіпті туристер мұны басқа жұртқа үлгі етіп, әлеуметтік желіге жариялауда. Бірақ түпкі мәні мақтану емес, тазалыққа деген мәдениетті қалыптастыру. Айбек Салдатбек қоғамның көзқарасын білді.