Қазақша Полная версия

Қызылорда облысының мүгедектері жеке көмекшінің қызметін пайдалана алмай отыр

  • AstanaTV
  • 11 ноябрь 2019
  • 2274

Қызылорда облысының мүгедектері жеке көмекшінің қызметін толыққанды пайдалана алмай отыр. Редакцияға Қазалы ауданынан хабарласқан І топ мүгедегі Руслан Омар осылай дейді. Ол 4 сағаттық көмекшілер қызметі жеткіліксіз деп отыр. Көзі көрмейтін мүмкіндігі шектеулі азамат жүріп-тұрудан қалғанын айтты.

Руслан ОМАР, І ТОП МҮГЕДЕГІ:

Бізге мереке, сенбі, жексенбі күндері мүлдем жеке қызметшінің қызметі көрсетілмейді. Ал, заң бойынша жеке қызметшінің көмегі үзіліссіз және күнделікті болу керек. Ал, жергілікті жердегі атқарушы органдардан сұрасақ, заң солай дейді. Біз бармаған жеріміз баспаған тауымыз жоқ, осыған мен көмек сұраймын.


Дәл қазір осы мәселеге жауапты Қызылорда облысының Қазалы аудандық Жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі студиямен байланыста. Өмірбек Өтемісұлы, көмекшілер неге 8 сағат қызмет етпей отыр? Мәселе неде?

Өмірбек КЕТЕБАЙ, ҚАЗАЛЫ АУДАНДЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ, ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БӨЛІМІНІҢ СЕКТОР МЕҢГЕРУШІСІ:

Мүгедектерді оңалту кейбір мәселелеріне байланысты  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау әлеуметтік даму министрлігі 2015 жылы 22 қаңтардағы бұйырығына сәйкес, жалпы ереженің 2-тармағы, 12 тармақшасына  сәйкес  мүгедектердің жұмыс  істейтіні немесе оқуға қабілеті бар мүгедектердің  8 сағаттан кем емес, асырмай төлем жүргізіледі.  Егер одан басқа да санаттағы мүгедектерге 4 сағат көлемінде төленеді.

Бірінші топтағы мүгедектер жеке көмекшіні қосымша қандай жағдайда пайдалана алады? Демалыс және айтулы күндері неліктен қызметшілер жұмыс істемейді?

Өмірбек КЕТЕБАЙ, ҚАЗАЛЫ АУДАНДЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ, ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БӨЛІМІНІҢ СЕКТОР МЕҢГЕРУШІСІ:

Ептеп жүру мақсатында, мүгедектердің құжат дайындауға, рәсімдеуге мемлекеттік ұйымдарға, ЦОН-ға,  медициналық  ұжымдарға барғанда жеке көмекші  ілесіп жүріп,  көрсетілетін көмек түрі болып саналады.

Неге мұны азаматтарымыз білмейді? Ақпараттық жұмыстар жүргізілмей ме?

Өмірбек КЕТЕБАЙ, ҚАЗАЛЫ АУДАНДЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ, ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БӨЛІМІНІҢ СЕКТОР МЕҢГЕРУШІСІ:


Ақпараттық, бұқаралық - ақпараттық бағдарлама парағының бетінде барлығы жарияланып, түсініктеме жұмыстары жүргізіліп жатыр бұл туралы. Үнемі жүргізілуде.

Рахмет, студиямен байланыста болған Қазалы аудандық Жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі Өмірбек Кетебай. Көрерменіміз сұрағына жауап алды деп ойлаймыз. Егер сізді де алаңдатқан мәселе болса, хабарласыңыз! Біз сізбен бірге жауабын іздейміз. Сондай-ақ, "Астана" телеарнасы көрермендеріне репортер болу мүмкіндігін ұсынады. Егер заңсыз оқиғалар мен төтенше жағдайлардың куәсі болсаңыз, экранда көрсетілген нөмір арқылы хабарласып, видео немесе аудио жолдаңыз.

А. Данияр